печатать

Басыңыз!


   Мамандандырылған лицейге (ары қарай - Лицей) 14 жасқа толған, жалпы білім беру мекемесінің 8 сыныбын жақсы аяқтаған, денсаулығы жарамды, кәсіби-психологиялық іріктеу талаптарына жауап бере алатын және дене шынықтырудан дайындығы бар Қазақстан Республикасының азаматы ер балалар (ары қарай - кандидаттар) қабылданады.
   Лицей интернаттық жүйеде жұмыс атқарады. Лицейде оқу мерзімі - жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы (9-11 сыныптар) бойынша 3 жыл. Лицеистердің оқуы мен өмір сүруі, атап айтар болсақ, тұрақтануы, тамақтануы мен киім үлгілерімен қамтамасыз етілуі тегін түрде жүзеге асырылды. Лицейді бітіргеннен кейін бітіруші түлектер орта білім туралы аттестат алады, қорғаныс Министрлігі мен басқа да қарулы күштердің жоғары әскери оқу орындарына, сонымен қатар кәсіби-психологиялық жарамдылығын, жалпы білімін, әскери және дене шынықтыру даярлығын, ісерлік және моральдік қасиеттерін, тәртібі мен денсаулық жағдайын есепке алумен шетелдік әскери оқу орындарына жіберіледі.

   Кандидатттарды іріктеуден өткізу рәсімі екі кезеңнен тұрады:
   Тізімде көрсетілген қажетті құжаттарды кандидаттардың өздері жинастырады (1 қосымша). Түсетін жылдың қаңтар мен шілде айлары аралығында іріктеудің алдын ала кезеңіне қатысуға есепке алу мен тіркелу үшін құжаттар белгіленген мерзім аралығында облыстық және Астана мен Алматы қалаларындағы қорғаныс департаменттеріне тапсырылады.
   Құжаттарды тапсыру мерзімі туралы ақпараттар облыстың (Алматы мен Астана қалаларының) қорғаныс ісі департаментінен немесе Лицейдің веб-сайтынан тікелей анықтауға болады
   Алдын ала іріктеу түсетін жылдан бұрынғы ағымдағы оқу жылының наурызынан бастап сәуір аралығында Лицейдің жолсапар комиссиясының бекітілген бару кестесі бойынша облыстық және Астана мен Алматы қалаларының қорғаныс ісі департаменттерінің базасында жүргізіледі. Іріктеу байқауына орта мектептің білім бағдарламасын толық әрі терең меңгерген жасөспірімдер жіберіледі.
   Аталған кезеңде кандидаттар келесі рәсімдерден өтеді:
• кешенді тестілеу мен оқу пәндері туралы сұхбаттасу;
• кәсіби-психологиялық іріктеу (кәсіби-психологиялық тестілеу және жеке сұхбаттасу);

   Кешенді тестілеу жалпы білім беретін мектептің 7-сынып бағдарламасы негізінде бес пән бойынша (математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) жүргізіледі. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Кешенді тестілеудің нәтижесі 125 балдық жүйеге сай есептеледі. Бейінді пәндер бойынша (математика, физика) дұрыс жауаптардың саны 10-нан кем болмауы тиіс. Тестілеу астрономикалық 3 сағатқа созылады.
   Кәсіби-психологиялық іріктеу кандидаттардың кәсіби жарамдылығына бағытталған (2 қосымша).

   Кандидаттардың сынақ қорытындысы жайлы, сонымен қатар ақтық кезеңнің іріктеу байқауына қатысатын кандидаттар тізімі туралы ақпараттар жолсапар қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталған кезде жарияланады (мамырдың соңы).

   Мамыр айында барлық облыстар бойынша алдын ала іріктеу кезеңінің қорытындысы жарияланады, Лицейдің қабылдау комиссиясы іріктеудің соңғы кезеңіне жаңа оқу жылындағы кандидаттар тобын таңдайды және іріктеліп алынған әрбір кандидатқа бұл жөнінде арнайы жеке хабар береді.

   Лицейдің веб-сайтына туындаған сұрақтар негізінде қосымша ақпарат алу үшін Лицей басшылығына тікелей сауалдар қоюға жағдай жасалған.

   Іріктеудің соңғы кезеңі оқуға түсетін жылдың 31 шілде 9-00 сағаттан - 10 тамыз аралығында кандидаттарды тұрғылықты орынмен қамтамасыз ететін Лицей базасында өткізіледі, сонымен қатар мына шаралар жүзеге асырылады:

1. Медициналық куәландыру
   ҚР ҚМ 2015 жылдың 11 шілдесінде бекіткен №327 бұйрығына сәйкес келетін тұрғылықты жердегі денсаулық сақтау мекемелерінің ақырғы медициналық куәландырылған барлық құжаттар жоғары және орта білім берудің кәсіби білім бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау Ережесіне сәйкес көрсетілген мерзім бойынша кандидаттардың жарамдылық деңгейін анықтайтын медициналық қорытынды ретінде Лицейге тапсырылады.

   Кандидаттар оқуға түсетін жылдың 24 шілдесінен 29 шілдесіне дейін Лицейдің штаттан тыс уақытша әскери-дәрігерлік комиссиясы (ӘДК) медициналық куәландыруды бастамас бұрын төмендегі анықтамаларды ұсынады:
1) психоневрологиялық диспансерінің анықтамасы (тұрғылықты жерден)
2) тері-венерологиялық диспансерінің анықтамасы (тұрғылықты жерден)
3) туберкулез диспансерінің анықтамасы (тұрғылықты жерден)
4) наркологиялық диспансерінің анықтамасы (тұрғылықты жерден)
5) басқа да медициналық мекемелерден:
   Созылмалы аурулары жайлы, сонымен қатар жұқпалы және паразитарлы аурулармен соңғы он екі ай ішінде ауырмағандығы және есепке алынбағандығы туралы аймақтық терапевттің анықтамасы (тұрғылықты жерден)
6) №907 бұйрығымен бекітілген құжаттар:
6.1 медициналық анықтама (форма № 086/у);
6.2 пациенттің амбулаторлық медициналық картасы (форма № 025/у);
6.3 профилактикалық екпе картасы (форма № 063/у);
6.4 амбулаторлы, стационарлы картадан аурудың көшірмесі (форма № 027/у);
6.5 азаматтың денсаулығы туралы басқа да құжаттары, рентгенограмма, арнаулы зерттеме хаттамалары :
  • Қанның жалпы зерттемесі; сифилиске микропреципитация (микрореакция) реакциясы;
  • зәрдің жалпы сараптамасы
  • тыныштық күйдегі ЭКГ ( қимылдан кейін –көрсеткіш бойынша)
  • медициналық куәландыруға үш ай дейінгі кеуде қуысы мүшелерінің флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеулері
  • эхокардиография
  • мұрын қуысының рентгені (сипаттамасымен)
  • екі табан рентгені (сипаттамасымен)
  • қан талдамасы; вирустық жұқпалы ауруларға және гепатитке маркер В, С (ВИЧ и маркеры гепатитов В и С)
  • қан тобы және резус-фактор
  • үлкен дәреттегі ішек құрттарын анықтау ( кал на яйца глистов.)
   Медициналық зерттеулер нәтижесі Лицейдегі медициналық куәландыруға дейінгі 30 күнтізбелік күннен артық болмауға тиіс.
7.Лицейдегі дәрігерлік куәландыру басталғанға дейін берілген медициналық зерттеулер нәтижелерінің толық түгелдігі тексеріледі ( кандидаттың жеке іс қағаздарын Лицейдегі 25 –нен 30 –шы шілдеге дейінгі қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттарды қабылдау кезінде).
8. Лицейге тапсыруға кедергі болатын кімнің дәрігерлік ұйымдардың мәліметі бойынша созылмалы ауруы не болмаса физикалық жетіспеушілігі болса, ол дәрігерлік куаландыруға жіберілмейді.
9. Лицейде әрбір үміткерге азаматтардың дәрігерлік куаландыру картасы толтырылады, әскери оқу мекемелеріне оқуға тапсырушылардың Ережеге сай № 7 үлгідегі медициналық анықтама қағазы 2 қосымша.
10. Дәрігерлік куаландыруда осыған дейінгі үміткердің денсаулығының жағдайы зерттелінеді, куаландырушының анамнестикалық мәліметтері қарастырылады.
11. Медициналық куаландыру үдерісінде көрсеткіштер бойынша қажетті қосымша лабораториялық, аспаптық зерттеу әдістері денсаулық жағдайын анықтау үшін қолданылады.
12. Диагнозды нақтылау мақсатында кандидат әскери-дәрігерлік мекемеге жіберіледі (медициналық ұйымдарға), әскери дәрігерлік комиссия( ВВК) жұмысы аяқталатын кезеңде. Тексеруге бағыттамада (направлениеде) әскери-дәрігерлік мекеменің атауы, диагноз, тексеру мақсаты көрсетіледі.
13. Лицейге тапсыруға кедергі келтіретін ауру анықталса, кандидатты ары қарай медициналық куаландыру жұмысы аяқталады, маман дәрігер медициналық куаландыру қағазын толтырады және әскери дәрігерлік комиссия (ВВК) лицейге тапсыруға жарамсыздығы туралы қорытындыны толтырады.
14. Медициналық куаландыру нәтижесі бойынша уақытша штаттан тыс жұмыс істейтін әскери дәрігерлік комиссия( ВВК) Лицейге тапсыруға жарамдылығы туралы не жарамсыздығы туралы қорытынды шығарады ( бұған қоса ВВК қорытындысы негізге алған Талаптар пункттері көрсетіледі).
15. ВВК қорытындысы мен куаландыру нәтижелері ВВК мәжілісінің хаттамасына, оқу мекемесіне тапсыратын азаматтың медициналық куаландыру картасына жазылады.

2. Емтихан тапсыру
Кешенді тестілеу нәтижесі бойынша өткен үміткерлерге және бастапқы іріктеулер бойынша шақырылған балаларғы келесі емтихандар өткізіледі:
• математика (жазбаша);
• физика (жазбаша);
• дене шынықтырудан емтихан (жалпы білім беру мектептерінің 8-сыныптарының нормативтеріне сай)

Жалпы төзімділігіне тексеріс

1.Жалпы төзімділігіне тексеріс
  • 2000 метрге жүгіру
  • үздік- 8.20,
  • жақсы – 8.50,
  • қанағаттанарлық – 9.20.

2) Иық белдеуі мен қолдың бұлшық етінің салыстырмалы күшін тексеру:
–тартылу-
  • үздік - 15,
  • жақсы – 13,
  • қанағаттанарлық – 11.
3) Жылдамдық төзімділігін тексеру, 100 метрге жүгіру:
  • үздік – 14,0;
  • жақсы – 14,2;
  • қанағаттанарлық – 14,8;
• IQ деңгейіне тестілеу;
• Эссе жазу;
• Шығармашылық қабілеттерін тексеру (музыкалық, би, көркем шығармашылық және басқалары ).
   Оқу пәндері бойынша емтихан тапсыру 8-сыныптың оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
   IQ деңгейіне тестілеу оқуға қабілеттілігін бағалау мақсатында жүргізіледі, арнайы тестер нәтижесінде ойлау үдерісінің динамикасын айқындау үшін, кандидаттың интеллектуальдылық өнімділігін бағалау үшін жүргізіледі
   Эссе Лицейдегі оқу жүйесінің тартымдылығы мен болашақ мамандықтың қызметі тақырыбына арналады.
   Шығармашылық қабілетін байқау кандидаттардың өнердің қай саласына бейімділігін, қабілеттілігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
   Алынған сынақтар нәтижесінде таңдаудың қорытындылау кезеңінде Лицейде оқушылардың қатарына өту конкурсы өткізіледі.
   Конкурс шарты қабілетті және дайындығы жоғары кандидаттардың Лицейдің күрделі оқу бағдарламасын меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады.
   Сайысты өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болса, артықшылық алуға құқылы: жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ( соңғы екі жылдағы бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар); жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары,( осы жылдағысы бірінші, екінші, үшінші дәрежелі диплом иегерлері); үлгерім табелінде соңғы екі оқу жылы бойынша орташа ұпайы жоғарылар; материалдық жағдайы төмен отбасының балалары, жетім балалар және көп балалы отбасылардың балалары.
   Таңдау сайысының қорытындылары Қабылдау комиссиясының мәжілісінің хаттамасына толтырылады.


   Таңдаудың қорытынды кезеңінен өтпеген кандидаттар, сондай-ақ Лицей сайысынан өтпеген кандидаттар қабылданбайды, олар қайтадан тұрғылықты жерлеріне қайтарылады.
   25 тамызға дейін ата-аналармен не заңды өкілдермен Лицей бастығы арасында білім беру қызметін көрсету қызметі Келісімшарт үлгісі бойынша келісім жасалады.
   Ваканттық орын болса (9-сыныптардың арасынан оқудан шығарылғандар болса), 10-сыныпқа түсушілер арасында таңдау жүргізіледі, аналогиялық сызба бойынша, 9-сыныптарға да солай.

Қосымша 1. Қажетті құжаттар тізімі (24 шілде - 29 шілде аралығында тапсырылады)
1. Лицей бастығының атына балаларын Лицейге қабылдау туралы жазылған ата-ананың өтініші ( немесе ата-аналарды алмастырушылардың)
Өтініш еркін түрде жазылады. Баланың ата-анасының ( олардың иелерінің) үміткерді Лицейді аяқтағаннан кейін ары қарай оқуын Қорғаныс министрлігінің, өзге мемлекеттік Қарулы Күштер құрылымы мен шетелдік әскери оқу орындарында жалғастыратыны туралы Өтініште көрсетіледі.
   Ата-аналар қайтыс болған жағдайда қайтыс болғаны туралы куәлік және қамқоршылық туралы куәлік (нотариуспен бекітілген) көрсетіледі.
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (ата-анасынікі).
3. Үміткердің (кандидаттың) Лицей бастығының атына лицейде оқығысы келетіні туралы, Лицейді бітірген соң оқуын әскери оқу орнында жалғастыратыны туралы жазылған еркін түрде жазылған өтініші.
4.Үміткердің өмірбаяны.
5.Туу туралы куәліктің көшірмесі (нотариуспен заңдастырылған).
6. Үміткердің үлгерім табелінің 7-ші сыныптық көшірмесі, сондай-ақ 8-сыныптағы оқу жылының тоқсандық қорытындысының көшірмесі (кешенді емтихан тапсыру кезіндегі мекен-жайы көрсетіледі, оқыған шет тілі көрсетілуі керек, бұның барлығы мектептің гербтік мөртаңбасымен заңдастырылуы тиіс).
7.Ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама ( не оларды алмастырушылардың), жұмыс істемесе еңбек биржасынан анықтама).
8. Кәмелетке толмағандардың істері туралы инспекциядан анықтама (тұрғылықты жерінен алынады).
9. Фотосуреті (бас киімсіз түсуі керек), 4,5 x 6 см – 4 дана.
10. Интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық және басқа жетістіктері туралы құжаттарының көшірмесі.
11. Ата-аналарының, жақын туыстарының (аға, әкпе) сотталмағаны туралы анықтама (халыққа қызмет көрсету орталығынан –ЦОН –нан алады).
12. Құжаттар папкаға тігілген күйде көрсетіледі.
   Тууы туралы куәлік, 8-сыныптағы үлгерім табелі, сынып жетекшісінің және мектеп директорының қолы қойылған мінездемесі (мектептің гербтік мөртаңбасымен бекітілген құжаттар), интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық және басқа жетістіктері туралы құжаттарының көшірмесін үміткер Лицейдің қабылдау комиссиясына іріктеудің қорытынды кезеңінде көрсетеді.

Қосымша 2. Кәсіби-психологиялық іріктеудің мазмұны
   Кәсіби-психологиялық таңдау үміткердің әскери-кәсіби бағыттылығы мен жеке психологиялық қасиетін, Лицейде жақсы оқи алатындығы мен ары қарайғы әскери мемлекеттік қызметке лайықтылығын айқындау мақсатымен жүргізіледі(Кәсіби-психологиялық тестілеу және жеке әңгімелесу түрінде өтеді).
   Кәсіби-психологиялық тестілеу психологиялық және психофизиологиялық зерттеуді қамтамасыз етеді, ол үміткердің бойындағы танымдық психологиялық үрдістер ерекшелігін айқындау үшін, эмоциональды-еріктілік қасиетін, жүйке психикалық төзімділігін және басқа да маңызды кәсіби қасиеттерін нақтылау үшін жүргізіледі. Бұл формалды әдістемелер жиынтығы негізінде жүзеге асырылады.
   Жеке әңгімелесу үміткерді әлеуметтік-психологиялық зерттеуді қамтиды, оның барысында үміткердің әскери-кәсіби бағыттылығы, мақсаттылығы, ортамен тіл табысуы, үйымдастырушылық істерге бейімдігі, беделділігі, жауаптылығы, әлеуметтік орнықтылығы, құнды бағыттары, жеке тұлғалармен қарым-қатынасы, жекелеген мінез қасиеттері анықталады.
   Үміткерлерге қойылатын негізгі кәсіби-психологиялық талаптар:
  • жоғары мінез-құлық сапасы (борыш сезімі, принциптілік, адалдық, шынайылық, қоғамдық белсенділігі);
  • әскери-кәсіби қызметке деген нақты шешімділігі;
  • жеке тәртіптілігі мен орындаушылығы, ішкі жинақтылығы, ұйымдастырушылығы, алдына қойылған міндеттерді шешуге әзірлігі мен өз уақытында орындауға дайындығы;
  • төзімділігі мен өзін-өзі басқаруы, жоғарғы кедергілер кезіндегі, уақыт тапшылығындағы және қолайсыз жағдайлардағы эмоциональды-еріктілік тұрақтылығы;
  • еңбексүйгіштігі және жоғары іскерлік қабілеті, физикалық төзімділігі.
   Кәсіби-психологиялық тестілеу және жеке әңгімелесу нәтижелері бойынша үміткердің жалпы Лицейде оқуға жарамдылығын анықтайтын қорытындылардың бірі шығады:
  • бірінші кезекте ұсынылады–кәсіби жарамдылықтың бірінші санаты (категориясы);
  • ұсынылады – кәсіби жарамдылықтың екінші категориясы;
  • шартты түрде ұсынылады( әскери қызмет талаптарына толық сай келмейді, үміткерлер аз болған жағдайда ғана оқуға жіберіледі)- кәсіби жарамдылықтың үшінші категориясы;
  • ұсынылмайды ( әскери қызмет талаптарына сай келмейді) – кәсіби жарамдылықтың төртінші категориясы).
   Үміткердің жарамдылығы туралы қорытынды Лицейге қабылдау туралы соңғы шешімді шығаратын тек қабылдау комиссиясына жеткізіледі. Кәсіби-психологиялық іріктеудің нәтижелері бойынша кәсіби жарамдылығы жөнінен төртінші категорияға жатқызылған үміткердің қолына «Тапсыруға ұсынылмайды» деген тұжырымдама беріледі.


Қосымшалар:
Косымша 1. Қажетті құжаттар тізімі (22.5 kB)
Қосымша 2. Кәсіби-психологиялық іріктеудің мазмұны (16.7 kB)

Оқуға түсу мәселелері бойынша:
Иванов Абсаттар Абсалімұлы
ivanov@lyceum-arystan.kz
Тел.: 8 (727) 3700520
Ұ.тел.: 8-777-6993071
count769708769708 
webart.kz
Создание сайта
WebArt Design Studio
Copyright © 2017 Лицей “АРЫСТАН”. Все права защищены