ҚЗ  /  РУ  /  EN

Тұңғыш Президент және Елбасы Нұрсултан Назарбаев



   Қазақстанда 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ –1991 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Президенті лауазымына сайланды, ал екі аптадан кейін Тәуелсіз Қазақстанның басшысы болды. Бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша салтанатты іс-шаралар, концерттер, көрмелер өтеді, олардың барлығы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және біздің Отанымыз–Қазақстан Республикасына арналады.
   Бүгін біздің "Арыстан" мамандандырылған лицейінде Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық ертеңгілік өтті. 9 сынып лицеистері– Прозоров Эмиль, Қазтай Сұлтанәлі және Литвинов Сергей – осы мерекелік кештің жүргізушілері болды, олар Лицей оқушыларына біздің Көшбасшымыздың Тұңғыш Президент лауазымындағы жұмысы туралы айтып берді. Біз үшін лицеистерге – болашақ әскери қызметкерлерге – республикада жастар үшін қаншама қолайлы жағдайлар жасалғаны туралы айту өте маңызды болды. 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Осының бәрі Тұңғыш Президенттен басталған жақсы бастамалар болатын.
   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашан елдің болашағы жастардың қолында екенін атап айтатын. Бүгінгі таңда әркімнің жақсы білім алуға, жұмыс істеуге, отбасын құруға, жеке баспана алуға, кәсіби жолын бастауға, өзін-өзі дамытуына мүмкіндігі бар.
   Біздің ертеңгілікте "Хабар"агенттігінің Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірген деректі фильмдерінен үзінділер көрсетілді. Сондай-ақ, ертеңгіліктің жүргізушісі 10-сынып лицеисі Көшербаев Сағадат балаларға Тұңғыш Президенттің "Қалай Президент болуға болады?" деген сұраққа берген жауабы туралы айтып берді. Ол былай деді: "Президентке қажетті жан-жақты білім алу үшін мектепте, университетте жақсы оқып, уақытты тиімді өткізу керек. Бұл бірінші. Екінші. Өз елімізді, халқымызды сүю керек, егер бұл ел үшін қажет болса, бәрін, тіпті өзіңді құрбан етуге дайын болу керек. Әйтпесе, мұндай жауапкершіліксіз мемлекетті әділ басқару мүмкін емес. Үшіншіден, денсаулығы мықты болу керек. Президенттің еңбегі ауыр. Адамдар мені теледидардан көргенде, олар Президенттің жұмысының аз ғана бөлігін көреді. Бұл халық жүктеген зор жауапкершілік, үнемі ойлануға және халықтың сенімін ақтау үшін жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Президент айтқан сөз өте қымбат және оны әрдайым орындау керек. Қиындықтарға төтеп беру үшін денсаулық болу керек".
   Парасаттылық, көрегендік, даналық, дүниетанымның кеңдігі – Ұлт Көшбасшысының бұл қасиеттері ұзақ жылдарға біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге қызмет етті, ал оның жастарға, елдің болашағына деген сенімі – Тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізі.


"Арыстан" мамандандырылған лицейінің кітапхана меңгерушісі
Ажар Ахметова
01.12.2021 жыл