ҚЗ  /  РУ  /  EN

"Арыстан" лицейі тағы да өзінің төл мерекесі – Лицей күнін атап өтті

   2024 жылғы 27 сәуірде сағат 11.00-де "Арыстан" мамандандырылған лицейінде Лицей күні өткізілді.

   Мереке барысында "арыстандықтардың" шығармашылық таланттарын көрсететін патриоттық концерт өтті. "Батыл жүректер" әнін құрметті қарауыл взводы қару-жарақпен саптық амалдарды көрсету арқылы орындады.
   Ұстаз Г. А. Шоранова мен 10-сынып лицеистерінің орындауындағы "Ұстазым менің" әні жүректерді тербей шырқалды. Лицейді мерекемен құттықтауға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері келді, олар лицей түлектерімен – он бірінші сынып оқушыларымен бірге көрермендердің жүрегін жаулаған вальсті биледі.

   Қонақтардың назарына қазақстандық батырлар С. Нұрмағамбетов, Н.Әбдіров және Р. Қошқарбаевтың мерейтойларына арналған музыкалық-театрлық композиция ұсынылды.
   Қонақтарға лицейде қабылданған оқу орнының өзіндік рәсімдерін: Лицей Туын енгізу, қоян-қолтық жекпе-жек тәсілдерін орындау сияқты және лицеистер саптық дағдыларын, патриоттық рухын және рота құрамында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде саптық әндерді орындай білу шеберлігін көрсетті.

   Салтанатты іс-шараға "NNEF" қоғамдық қорының басшылығы, Алматы облысы Білім басқармасының бастығы, ҚР ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК СҚО ӘҚҚ әскерлерінің қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындарының бастықтары және басқа да қонақтар, сондай-ақ оқуда үздік нәтиже көрсеткен лицей оқушыларының ата-аналары шақырылды.