ҚЗ  /  РУ  /  EN

Ұлы Даланың даңғайыр данышпаны, Келдібекұлы Қазыбектің
355 жылдығына арналған
«Қаз дауысты Қазыбектің мұрасы» атты әдеби кеш

   2023 жылдың қаңтар айының 31 жұлдызында «Арыстан» мамандандырылған лицейінде өткізілді. Кештің сценарийін құрастырған, әрі ұйымдастырған – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Салимова Несіпкүл Төлегенқызы.
Кештің мақсаты:
Қазақ халқының атақты биі, көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, қазақ қоғамы өмірінің барлық саласын қамтитын «Жеті жарғы» құқықтық заң жобасын жасаушылардың бірі – Қаз дауысты Қазыбектің туғанына 355 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
Келдібекұлы Қазыбектің нақыл сөздері арқылы лицеистерді әділдікке, парасаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу, Отанын сүюге баулу.
Кешті өткізуге белсене қатысқан лицеистер: Халиков Арлан, Жумабаев Дамир(9В), Даркенбаев Тимур, Туленов Бақытжан (9Г), Қазтай Сұлтанәлі, Әбдікеш Мирас (10А), Жантемір Бабихан (10Б), Үмітқали Аман, Жеңісбекұлы Дінмұхамед (10Г).
   Лицеистердің Қазыбек аталарының нақыл сөздерін жаттап, сахнадан әр тыңдарманға жеткізуі, оларды ойландыруы, өзекті мәселелерді сезіндіре білуі – өз алдына үлкен еңбек болып есептеледі.
Сондай-ақ кешті жүргізуші: Сейдаканов Абиль мен Злобин Роман
Қазыбек би туралы лицеистерге көптеген ақпарат бере отырып, білімдерін кеңейтті, толықтырды.
   9-11-сынып лицеистері орындарынан тұрып, «Атамекен» әнін ерекше рухтанып айтқаны – олардың өз Отанына деген сүйіспеншілігінің нышаны деп түсінуге болады.
   Кешті 9 «Б» сынып лицеисі А.Қожахмет мынадай сөздерімен: «Қазақ
халқының ұлы биі, төбе биі – Қаз дауысты Қазыбек бабамыздың рухы мәңгі жасасын! Еліміздің іргесі сөгілмесін, саналы да білімді, елінің ертеңі болар ұрпақ көбейсін! Қазыбек би бабамыздың қалдырған өсиеттері – болашақ ұрпаққа мәңгілік мұра болсын! – деп тамамдады.
   Шынымен де, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуде
би-шешендердің сөзі маңызды рөл атқарады. Кемел істерге ұйытқы бола білген билердің шешендік өнерінде кездесер тәлімі мол, үйретері көп ғибраттар – бүгінгі күні болашақ ұрпақ үшін тәрбие құралы.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Салимова Несіпкүл Төлегенқызы