ҚЗ  /  РУ  /  EN

«Ақберен» республикалық өнер байқауы

   «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында шығармашыл 8-11-сынып оқушыларына арналған «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі қазан айының 17 жұлдызында Қонаев қаласы №2 ықшамауданы №3 орта мектебінде өз мәресіне жетті.
   Дарындылар додасына облыстық кезеңге өткен 100-ден аса өнерпаз қатысып, 6 номинация бойынша өзара мықтыны анықтады.
   Ауқымды шараның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Алматы облысының білім Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жас дарын» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының директоры Онбырбаева Диана Тетенқызы құттықтай отырып, жас жеткіншектердің бойында ұлтымыздың мәдениеті мен тарихын, ана тілімізге деген құрметті ұялатуда «Ақберен» сияқты байқаулардың маңызы зор екендігін атап өтті.
   Биыл бірінші рет осы байқауға «Арыстан» лицейінің 3 лицеисі қатысып, бағын сынады.
   Байқаудың қорытындысы бойынша 10 «А» сынып лицеисі Мақсұт Ерболат «Көркем сөз оқу» номинациясының жүлдегері атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Шоранова Гульдария Ажикуловна.

   «Арыстан» лицейінің шәкірттері келесі жылы «Ақберен» шығармашыл оқушылар арасындағы өнер байқауына қатысып, өздерін биіктен көрсететініне кемел сенімдіміз.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Салимова Несіпкүл Төлегенқызы