ҚЗ  /  РУ  /  EN
  
Жыл сайын өтетін «Жас ұлан» армия әндері фестивалінің жеңімпаздары анықталды
http://www.zakon.kz/4827079-zhyl-sajjyn-1257tetn-zhas-1201lan.html
3 ноября 2016

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі дарынды жастар, жалпы білім беру мектептерінің, лицейлерінің оқушылары, колледж студенттері, жас патриоттар XVIIIреспубликалық «Жас ұлан» армия әндері фестивалінің қатысушылары дипломдарымен марапатталды.
Шақырылуға дейінгі, шақырылатын және армия жастарына, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әскери-патриоттық тәрбие беру, армиялық көркемөнерпаз орындаушылары мен ұжымдарының шығармашылық тұрғыда өсуіне ықпал ету аясында Астанада шоғырланған ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жыл сайынғы «Жас ұлан» армия әндері фестивалі өтті. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметіі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш ән фестивалінің тарихы 1997 жылы бастау алды. Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, әскери оқу орындары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің әскери қызметшілері, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, жоғары сынып оқушылары көрермендерді тәнті етті. Фестивальға қатысушылар үш аталым бойынша өнер көрсетті.

Атап айтқанда, «Орындаушы-вокалистер», «Фольклорлық орындаушылар», «Вокалды-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар». Байқау шарттарына мына өлшемшарттар кірді. Әскери тақырыптағы шығарманы, қазақстандық сазгерлердің немесе орындаушылардың туындыларын, жеке (авторлық) музыкалық шығармаларды, сондай-ақ, фольклорлық жанрды орындау. XVIII республикалық «Жас ұлан» армия әндері фестивалінің қорытындысы бойынша бас жүлде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына табыс етілді.

«Вокалды-аспаптық ансамблі» номинациясында 1-орынды «Арыстан» мектеп-лицейінің вокалды тобы, «Фольклор» номинациясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы және «Вокал» аталымында Әли Көптілеу (Астана қ. Қорғаныс істері жөніндегі департаменті) жеңіп алды.

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі дарынды жастар, жалпы білім беру мектептерінің, лицейлерінің оқушылары, колледж студенттері, жас патриоттар XVIIIреспубликалық «Жас ұлан» армия әндері фестивалінің қатысушылары дипломдарымен марапатталды.