печатать
02 июня 2015
   «Арыстан» мамандандырылған лицейі – әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан жасөспірімдерді, сондай-ақ республиканың барлық аймағынан келген оқу үлгерімі жақсы, бейіндік пәндерге қабілетті, спорттық дайындығы мықты оқушыларды тегін оқытатын заманауи жаңартылған оқу кешені болып табылады.
   Жасөспірімдерді болашақ қазақстандық әскери оқу орындарына, ішінара шетелдік әскери оқу орындарына жан-жақты, тыңғылықты түрде дайындау Лицейдің негізгі мақсатын танытады.
   Лицей 2011 жылғы қаңтар айында «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру Қоры» аясында құрылған. Өз жұмысын бастағанына төрт жылдай уақыт өткеніне қарамастан, әскери тәртіптегі «Арыстан» мамандандырылған лицейін республика аумағы мен жақын шетелдер жақсы танып үлгерген. Мұндай танымалдылыққа жетуге, біріншіден, лицей басшысы, генерал-майор, педагогика ғылымдарының докторы Сәбит Сәуменұлы Таулановтың іскерлігі мен оның білікті қызметкерлері тікелей әсер етсе, екіншіден, 3 жылдық лицей түлектерінің көрсеткен нәтижелері де үлкен жетістіктерді көрсетіп отыр. Өткен жылдың білім сапасы – 99,13 пайызды құраған. Биылғы көрсеткішіміз– 99,86 пайыз. Алғашқы түлектердің барлығы да жоғарғы оқу орындарының студенттері атанды. Олар ҚР Қарулы күштері жоғарғы оқу орындарында, Ресей Федерациясында, Украинада, Белоруссияда, Түркияда, Америка Құрама Штаттарында өз білімдерін жалғастыруда.
   Биылғы бітіруші түлектерден де лицейдің күтетін үміті орасан зор. Біздің шәкірттеріміздің көбі бүгінгі күнде көптеген биіктерге қол жеткізгендері көңілге қуаныш ұялатады.
Далее...
   2015 жылдың 2 маусымында болған ұлттық бірыңғай тестілеуге 80 лицеисіміз толық қатысып, олардың 46-сы 100-ден жоғары ұпай жинады.
   Бұл – облысымыз бойынша ең жоғарғы жетістік. Биыл атап айтар болсақ, Темиргалиев Ерназар (119 ұпай), Темірханов Нұрсұлтан (118 ұпай), Бөріхан Ақарыс (115 ұпай), Карманов Андрей(116 ұпай), Тұрар Ерсұлтан (115 ұпай), Ержанұлы Алибек (114 ұпай), Муханзаев Тимур (112 ұпай) , Қалиев Айтуар (112 ұпай), Марс Еренбек (112 ұпай), Досаев Азамат (111 ұпай), Нұрымжан Диас ( 111 ұпай) ұпайдан жинап, өздерінің лицейден алған білімдерін іс жүзінде дәлелдеп шықты. Өткен оқу жылының үздіктері Молдияр Нұртас, Рысқожаев Нұрбек, Керимбек Айбек, Макаров Константиндер қол жеткізген биік белестерден кейінгі толқын да өтті. Былтыр Рысқожаев Нұрбек, Керімбек Айбек, Қайырбеков Шынболат «Сардар» атты Республикалық кешенді олимпиаданы жеңімпаздары атанса, биыл Қапас Жасұлан, Қожақұл Ғазиз, Бородаев Валерий олар салған ізбен жүріп, 1-2-орынды иеленді.
   Лицей түлектері оқумен бірге интелектуалдық ойындарға белсене қатысады. Биыл арыстандықтар «Парасат Одиссеясына» қатысып, дүниежүзі бойынша бақталасқан топтар арасынан жүлделі үшінші орынды жеңіп алып, Лицейдің мерейін аспандатты.
   Биыл көптеген дайындықтар мен сыннан өтіп, Америкада оқу құқына Гогуля Владислав ие болды. 3 жыл бұрын онда Камелединов Ілияс оқуға түссе, былтыр Иманқұлов Данияр АҚШ Теңіз Қарулы күштері Академиясына, Оразханов Абылай АҚШ Әскери Әуе күштері Академиясына оқуға қабылданған еді.
   Білім, тәртіппен қоса жеткіншектердің бойына қазақстандық патриотизмді, рухани-эстетикалық тәрбие беруді мақсат еткен «Арыстан» лицейі жоғары жетістіктерге ие.
   Лицейдің Ар-ождан Кодексі бойынша барлық лицеистер білім мен тәрбие ісінде тек алға жүріп, өзгелерге үлгі болуға тиісті. Қазақстан -2050 стратегиялық жобасының негізгі бағыттарын жүзеге асыруда біздің арыстандықтардың алдыңғы қатардан орын алары сөзсіз.
   Тәртіп пен біліммен қаруланған, салауатты өмір салтын ұстанған рухы күшті лицей шәкірттері ішінде өздерінің бітім-болмысымен, мінсіз тәртібімен ерекшеленген биылғы жыл түлектері назардан тыс қалмайды. Мысалы, Темірханов Нұрсұлтан, Досаев Азамат, Бөріхан Ақарыс, Бекжанов Айдос, Абдрахимов Асыл, Азанбай Жәнібек, Қожақұл Ғазиз, Әшірбек Абзал, Құлмағамбетов Әлібек, Нүсіпжанов Нұрлыбек, Қайрат Қыран, Муханзаев Тимур, Ан Никита, Қапас Жасұлан сияқты лицеистер өздерінің жан-жақты таланттарымен көзге түсіп, оқытушылар мен командирлердің алғысына бөленген еді.
   Осылайша шәкірттерінің жемісті көрсеткіштері арқылы «Арыстан» мамандандырылған лицей ұжымының қызметі жылдан –жылға артып келеді.
   Білім, тәртіп, тәрбиені басты ұстаным еткен «Арыстан» мамандандырылған лицейінен түлеп ұшқан жеткіншектер Қазақстанның беделін асқақтатып, еліміздің болашағы, жалғасы, ел қорғаны болады деп сенеміз. Патриот жастарымыз барда Отанымыздың болашағы жарқын, мақсатымыз айқын болады.
count14683811468381 
webart.kz
Создание сайта
WebArt Design Studio
Copyright © 2017 Лицей “АРЫСТАН”. Все права защищены