печатать
06 июня 2015
День выпускника в лицее

   2015 жылдың 6 маусымында айбынды Алатаудың бөктерінде орналасқан сырт келбеті көркем, сәулет құрылымы ерекше «Арыстан» мамандандырылған лицейінде 11-сынып түлектерінің «Бітіруші күніне», әрі 9-сынып лицеистерінің Ант қабылдауына арналған мерекелік іс-шара аталып өтті.
   Мерекеге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі орынбасары, генерал-майор Т.C. Мұхтаров, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» ҚҚ Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы Т.А.Кулибаев, Алматы облысы әкімі орынбасары С.М, Турдалиев, басқа да шақырылған құрметті қонақтар қатысты.
   Мерекелік шара салтанатты түзілімнен басталды. Саптың дайындығына қатысты әскери рапорт тапсырылғаннан кейінгі оркестрдің сүйемелдеуімен басталған Лицей Туын алып кіру өте әсерлі болды. Тік бұрышты ақ матадағы эмблемада «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» деген жазулары бар Лицей Туымен қоштасып, оны келер жалғастырушы топқа табыстау рәсімі барысында бітіруші лицеистердің өз білім ордасына деген қимастық сезімі бүкіл қатысушы топқа сезіліп тұрды.
   Бұл күн – бүкіл лицей үшін өте маңызды күн болды. 9 сынып лицеистері Лицей абыройын биіктетуге уәде беріп, өз Отанына, туған еліне, Қазақстан Республикасының Президентіне соңғы демі қалғанынша адал қызмет етуге Ант қабылдады. 9 сынып лицеисі Нұрланов Ермек Ант мәтінін оқығанда, «Отанымызды қорғауға ант етеміз!» деген бүкіл 9-сыныптық шәкірттердің жігерлі дауыстары бар атырапқа естілгендей болды. Ұлы істер осылайша ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, дәстүр сабақтастығын тудырады. Елдік те, ерлік те тәрбиеден басталады.
Далее...
   Бұл атаулы күні 2015 жылдың түлектері орта мектепті бітіргені туралы аттестаттарын алды, әрі «Арыстан» Мамандандырылған лицейінің төс белгісіне ие болды. Лицей басшысы, запастағы генерал-майор С.С.Тауланов лицей түлектеріне құттықтауын жеткізе отырып, 2014-2015 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктерді атап өтті. Шәкірттерге болашақта үлкен жеңіс пен табыстар тіледі.
   Әрбір ротаның салтанатты түрде лицей алаңында ерекше бір әсемдікпен, әскери салтанатпен шерулетіп өтуі мерекелік іс-шараның рухын асқақтатып, шақырылған қонақтарға ерекше көңіл күйін сыйлады. Шеруде топ бастаған лицей түлектерінің арасында облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі білім сайыстары мен ғылыми жоба жарысы жеңімпаздары: Қапас, Пенюков, Қалиев, Бородаев, Марс, Тұрар, Қожағұл, Кохан, Боранбаев, Бутин, Ержанұлы, «21 ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының қатысушылары, және апталық ойын жеңімпаздары: Ан, Амангелді және 9-сынып лицеистерінің арасында халықаралық қашықтық және пәндік олимпиадалар жеңімпаздары: Ахметжан Ислам, Петренко, Дархан, Адамбек, Құрмантаев, Шаймолданов, Ходжабеков, математикадан облыстық олимпиада жеңімпазы және республикалық олимпиадаға қатысушы Адхамов Асхат, 10-сыныптан оқу үздігі, орыс тілінен облыстық олимпиада жүлдегері – АимбетовАблайхан. Областық пәндік олимпиада жүлдегерлері : Бимолдан, Махуров, Ақтанов, Темірханов. «21 ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының қатысушылары, және апталық ойын жеңімпаздары: Аимбетов, Авбаширов, Шамгановтар бар.
   Соңында лицеистер мен лицей қонақтары дайындаған бітіруші түлектерге арналған концерт көрсетілді. Концерттің ерекшелігі сол мұндағы бір музыкалық нөмірді 2-3 оқу мекемелерінің оқушылары бірлескен түрде орындады. Домбыраның қос шегінің үніндей үйлесе шыққан әсем саз жүректерді тербеп, көңілге қанат бітірді. Мысалы, А.Қ.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты оркестрі мүшелерімен бірге «Арыстан» лицейінің халық аспаптар оркестрінің мүшелері бірікен түрде орындаған қазақтың классикалық музыкасының асыл жауһарларының бірі - Құрманғазының шығармасы «Адай» күйінің күмбірінің сазы көпке дейін құлақтан кетпесе, К. Ахметов атындағы олимпиадалық резервтік колледждің оқушылары мен МЛ «Арыстанның» және Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжінің студенттері көрсеткен спорттық қойылымды қонақтар қызыға тамашалады. Ал лицей түлектері орындаған «Прощай, Лицей!» қоштасу әні, Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі мен Талғар медколледжінің тал шыбықтай бұралған әсем қыздарымен бірге орындалған вальс бұл салтанатқа ерекше әсемдік пен қимастық сезімдер ұялатты.
   Бұдан ары Лицейде бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына 2015 жылғы бітіруші түлектердің жолдау капсуласының 2025 жылғы түлектерге орнатылымы жасалып, мерекелік іс-шара барысы Салтанатты кеш, бітірушілер мен олардың ата-аналарына арналған сазды демалыс кешімен өз жалғасын тапты. Мұндай тамаша кештердің әсері әр жүректе мәңгілікке сақталары анық.
Қадамдарыңыз сәтті болсын, 2014-2015 оқу жылының арыстандық түлектері! Сендерге ақ жол мен тек сәттіліктер тілейміз!

Пресс-релизге дайындаған: Умерджанова Ж.Т.
count631143631143 
webart.kz
Создание сайта
WebArt Design Studio
Copyright © 2017 Лицей “АРЫСТАН”. Все права защищены